• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Сәуір, 2023

Төрешілер сертификат алды

345 рет
көрсетілді

Алматыда Халықаралық дзюдо феде­рациясының (IJF) ұйымдас­тыруымен өткен төрешілердің семинар-емтиханы аяқталды.

Төрешілік қызметті кәсіп еткен отандық мамандар семинар барысында біліктіліктерін арттырып қана қоймай, емтихан тапсырып, соның қорытындысы бойынша арнайы сертификат алды. Атап айтсақ, жерлестеріміздің арасынан Самат Сапашев «IJF International» дәрежесіне көтерілді. Яғни ол алдағы уа­қытта Олимпия ойындары мен әлем чемпио­наттары және басқа да аса ірі халықаралық жарыстарда қазылық ету құқығына ие болады. Асхат Житкеев пен Николай Ивановқа «IJF Continental» сертификаты табыс етілді. Бұл мамандарды енді біз құрлықтық додалардан көре аламыз.

IJF төрешілер комиссиясының төр­аға­лары Армен Багдасаров пен Даниэль Ласкау және Азия дзюдо одағы төрешілер одағының директоры Мун Вон Боенің жетекшілігімен өткен семинар барысында алыс-жақын шет мемлекеттерден келген 19 төрешіге құрлықтық және 21 қазыға халық­аралық дәрежедегі сертификат берілді.