Түркияның Адыяман провинциясында 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА новости агенттігіне сілтеме жасап.
AFAD мәліметінше, 4,3 балдық жер сілкінісі елдің оңтүстік-шығысындағы Адыяман провинциясында болған.
«Синджик Адыяман ауданында сағат 16:26-да 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді», делінген ведомство хабарламасында.
Зілзала ошағы 7 км тереңдікте орналасқан.