Атыраулық полицейлер мас күйде 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияға Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің 4-қабатынан белгісіз азаматтың секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түскен.
1994 жылғы ер адам полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде құтқарылды.
Дәрігерлер жүргізген сараптама нәтижесіне қарағанда,ер адам мас күйде болған.