• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Сәуір, 2023

Әбілхан Аманқұл үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

703 рет
көрсетілді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол Помонада (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кеші аясында жекпе-жек өткізді. Қазақстандықтың қарсыласы мексикалық Даниэль Эчеверриа (21-11, 18 КО) болды. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жектің екінші раундында Әбілхан қарсыласын нокаутқа түсірді.

Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісі.