• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қылмыс 16 Сәуір, 2023

Бас есепшінің былығы

12299 рет
көрсетілді

Жалпы, Жетісуда білім мен медицина саласында басбұзар әрекеттер жиі кездеседі. Былтыр облыстық аурухана қызметкерінің ақша жымқырғаны елді бір шулатқан еді. Енді Талдықорған қалалық білім бөлімінде дәл осындай жағдай тіркелген.

Талдықорған қалалық бі­лім­­ бөлімінің бас есепшісі Мадлен Серғазинова білім сала­сы­на бөлінген қар­жы­ны жеке мүддесіне пайдаланғаны анық­талған. Күдіктіні қашпақ болған жерінен Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы қызметтің) Жетісу облысы­ бойын­ша департаментінің қыз­мет­керлері ұстаған.

Антикор өкілдерінің айтуын­ша,­ 48 жастағы әйел адам ел ау­ма­ғынан қашып кетпек болғанда Пан­филов ауданының аумағында қол­ға түскен. Күдіктінің үйін тін­ту­ барысында 942 902 117 теңге (ұлт­тық валютада 617 640 000 және­ 721 282 АҚШ доллары), құжат­тар мен 21 жылжымайтын­ мүліктің кілті: 14 пәтер, 7 ком­мер­циялық үй-жай, «Toyota Land Cruiser» көлігі мен зергерлік бұйым­дар табылған.

Құны 1 млрд 200 млн теңгеге баға­ланған дүние-мүлікке облыс­тық­ прокуратура уақытша шектеу қойды. Бас бухгалтермен бірге Талдықорған қалалық білім бөлімінің орталықтандырылған есеп бөлімінің бас есепшісінің орынбасары, экономист пен екі есепшісі қамауға алынған.

Қалалық алты мектептің бас есепшісі бөтеннің сеніп тап­­сырылған мүлкін иемденіп, жым­қырды деген күдікке ілін­ген. Ұсталғандар 2020 жылдың қыр­күйек айынан 2023 жылдың нау­рыз айына дейін аса ірі көлемде жал­пы сомасы 2 млрд теңгеден астам­ бюджет қаражатын ұрла­ған.­

Ұсталғандар оқу орындарында іс жүзінде жұмыс істе­мей­тін адам­дар­дың шотына­ жа­­лақы ауда­рып отыр­ған. Ішкі­ мемлекеттік аудит депар­тамен­ті­нің аудиторлары 95 231 664 тең­ге шығынды рас­та­ды.­ Қалған шы­ғынды есептеу жал­ға­сып­ жатыр.

Күдікті М.Серғазинова, оның­­­­­­ орынбасары және эконо­мист­­­­­ Қылмыстық іс жүргі­зу­ ко­дек­­­­­сінің 128-бабына­ сәй­кес ұсталып, тиісінше Ескел­ді аудан­дық ішкі істер басқар­ма­сы­ның, Тал­ды­қорған қалалық ішкі­ істер басқар­масының, Көк­су­ аудандық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мектептердің бас есеп­ші­ле­­­ріне қатысты айыбын толық мойындауға, басқа тұл­ғалар­ды әшкерелеуге көмек көрсе­туге бай­ла­нысты процес­суал­дық қа­мау­ға алу шаралары жүргі­зіл­меген.

Қазір осы оқиға әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсіп жатыр. Осыған дейін айласын асырып келген алаяқтардың әрекеті қоғамның білім саласына деген өкпесін тіпті өршітіп жібергендей.

– Жетісу облысының жылдық бюд­жеті 450 млрд теңге. Оның 40 пайызы білім, мәдениет және­ спортты дамыту саласына бөлі­не­ді, дейді жергілікті депутаттар.­ Жай ғана есепшінің бюд­жет­тен 1,2 млрд теңге жым­қы­руы жем­қор­лықтың масшта­бын­ көр­се­­тіп отыр. Мектеп жа­сын­­­да­ғы­ балалар неге бір-бірін теп­­­­к­і­­леп жатыр, тіпті өлтіріп жатыр дейміз?

Білім саласындағы шенеу­нік­тер бала тәрбиесі, білім беру, идео­логия дегенді кейінгі орынға ысырды ма? Ата-ана бала­сының амандығына алаңдай бас­­тады. Оған соңғы күндердегі тіз­­бек­телген оқиғалар дәлел, – дейді бел­гілі журналист Ришад Асқар­бек­­­ұлы.

Аталған іске қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Жетісу облысы