• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2023

Мұхамедиұлы өзін ұйқамаққа жіберуді сұрады

272 рет
көрсетілді

Астанадағы Байқоңыр ауданының сотында өтіп жатқан іс барысында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін үйқамаққа жіберуді сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотталушының адвокаты Мұстақым Төлеев экс-министрді үйқамаққа жіберуді, сондай-ақ қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Бұрынғы министр адвокатының өтінішін қолдады.

«Қамауда ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды сұраймыз. Себебі бірнеше күн бұрын маған екінші операция жасалды. Денсаулығым күн сайын нашарлап жатыр. Сондықтан үйқамаққа жіберу дұрыс болады деп санаймын. Адвокаттар айтқандай, бұл – ойдан шығарылған іс, ештеңе дәлелденбеген. Бірде-бір факт жоқ, бірақ біз мына жерде отырмыз,» деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.