Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккендердің бірі 1972 жылы туған ер адам Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Дәрігерлер зардап шеккен адамға денесінің 60-70 пайызын күйік шалған деген диагноз қойды. Науқас жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Тиісті ем-дом жүргізілуде», деп мәлім етті Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетсек, бүгін Жаңаөзен қаласының 2-мөлтек ауданындағы 2 қабатты үйде жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен еді.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлығы 4 адам қаза тапты.