• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2023

Жамбыл облысында қару сақталған орын табылды

171 рет
көрсетілді

Шу ауданы Төле би ауылындағы қараусыз қалған зауыттың аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер бар орын табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде облыстық ПД қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі МР-446 тапаншасын, сондай-ақ 16 калибрлі ИЖ бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18-Е бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18 аңшылық мылтықты, Ф-10 жауынгерлік сынық гранатаны, жарық-шу гранатаны, қорғаныс кеудешені, 5,45х39 мм калибрлі 200 патронды тәркіледі.

«Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287 - бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.