Дзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Қатар астанасы Дохада алауы тұтанатын әлем чемпионатына қатысады. Әлем біріншілігі 7-14 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған.
Дохадағы дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасы сапынан мына балуандар белдеседі. Ерлер: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team, 90 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг), Ғалымжан Қырықбай +100 кг).
Әйелдер: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (48 кг), Толғанай Әбеуова (52 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг), Эсмигуль Куюлова (63 кг), Анастасия Маякова (70 кг), Аруна Жангелдина (78 кг) және Кәмила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова (+78 кг).
Жарыс қорытындысы бойынша әлем чемпионы атанған балуанға – 2000, күміс жүлдегерге – 1400, ал қола медаль иегеріне 1000 рейтингтік ұпай беріледі.