• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қылмыс 18 Сәуір, 2023

Орталықтағы алаяқтар

310 рет
көрсетілді

Алғашқы автокөлік құжаттарын реттейтін мамандандырылған қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) ашыла бастағанда, біраз жұрт «Енді парақордың да, пара берушінің де жолы кесілді. Көлікті «көкесіз» ресімдеп, тесті өзі баға қоятын компьютерге тапсырамыз, жүргізуші куәлігін таза білімнің күшімен алатын болдық» деп бір серпіліп қалған еді. Өкінішке қарай, бұлай болмай шықты.

ХҚО-ның айналасында­ғы алаяқтар күні бүгінге дейін ас­тыртын әрекет етіп, жүргізуші куә­лігін сатып келген. Жақында по­лиция қызметкерлері Қостанай қаласындағы мамандандырыл­ған халыққа қызмет көрсету орта­лы­ғына тінту жүргізіп, жүргізуші куә­лігін саудаға салып келген қыл­мыстық топты ұстады.

– Жедел тінту шаралары бары­сында қылмыстық әрекетке қа­тысы бар деген күдікпен ХҚО-да емтихан қабылдаумен айналыс­қан 5 адам ұсталды. Олар жүргізу­ші куәлігін беру үшін ақы алып келген. Емтиханға келушілер беріл­ген 40 минуттың орнына небәрі 5 минуттың ішінде тест тапсырып шыққан. Қазақ тілін білмейтін адамдар емтиханды мемлекеттік тілде тапсырып отырған. Қазір қажетті бастапқы тергеу әрекеттері, сондай-ақ айғақтарды анықтау мақсатындағы санкцияланған тін­ту шаралары жүріп жатыр. Банк карталары, 1 млн теңгеден астам қолма-қол ақша, компьютерлік техника, флэш-карталар, ұялы телефондар мен құжаттар тәркіленді. Тінту кезінде күдіктілердің бірінен 12 калибрлік оқ-дәрі және заңды тіркеуде жоқ тегіс ұңғылы мыл­тық тәркіленді, – деді облыстық ПД басшысы Ерлан Омарбеков.

Ұсталғандар – жүргізуші куәлігі мен жүргізуші санаттарына емтихан қабылдау қызметін тендер бо­йынша ұтып алған жауапкершілі­гі шектеулі серіктестіктің өкілдері. Қылмыстық топ үміткерлерден ақы алып, теориялық білім мен тә­жі­рибелік дағдыға емтихан қа­был­­дамай-ақ жүргізуші куәлігін үлес­тіріп отырған. Полицияның мәлім­деуінше, алаяқтарды анықтауға облыс жолдарындағы көлік апа­тының шектен тыс жиілеп ке­ткені түрткі болған. Жол апатына ұрынған жүргізушілердің көбі қарапайым жол ережесінен бейхабар болып шыға берген соң, полицияның жүргізуші куәлігін беретін мекемеге деген күдігі де күшейе түскен.

– Мысалы, жыл басында Руд­­­­ный қаласында «Сhevrolet Сobalt» көлігін мінген 19 жас­та­ғы жүргізуші куәлігін алғанына ­­бір ай толмай жатып «Audi» авто­кө­лі­гін соқты. «Audi» көлігінде отыр­ған жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Мұндай зар­дабы ауыр жол апаттары тым көбейіп бара жатқан соң, салалас мекемелердің бірінде астыртын сыбайласқан топ болуы мүмкін деген күдікпен мамандандырылған ХҚО-ға қатысты арнайы жедел шара жүргізу туралы шешім қа­­был­дадық. Арнайы операция об­­лыс прокуратурасының үйлес­­ті­руі­мен өтті, – дейді полиция де­пар­таментінің басшысы Е.Омарбеков.

Қазір аталған қылмысқа қа­­тысты тергеу амалдары жү­ріп жатыр. Осыған байланысты ма­ман­дандырылған халыққа қыз­мет көр­сету орталығы жүргізуші куә­лігі мен жүргізуші санатын алу­шылардан теориялық және тәжі­рибелік емтихан қабылдауын тоқ­татты. Полиция күдіктілер­дің жүр­гізуші куәлігі мен санаттар ал­ған 1 мыңнан астам адамға қыз­мет көрсеткенін анықтап отыр. Олар­дың қайсысының емтиханды адал тапсырғаны, қайсысының қыл­мыстық топтың көмегіне жү­гінгені тергеу амалдары барысында анықталады.

 

Қостанай облысы