Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты тасжол жабылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жұмабек ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», делінген хабарламада.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, бүгін Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.