• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Баға 19 Сәуір, 2023

Ақтөбе облысы: Құяр майыңыз қымбаттады

314 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде Ақтөбе қаласындағы Ural`s жанар-жағармай бекеттерінде АИ-95 жанармайы әр литріне 212 теңгеден, АИ-92 – 192 теңгеден, ал дизель отыны 295 теңгеден сатыла бастады. Әзірге қалада газ бағасы тұрақты, әр литріне 50 теңгеден сатылымда бар. Сұйық отынның тапшылығы байқалмайды.

Облыстық энергетика басқар­масының дерегіне қарағанда, Ақтөбе облысында ай сайын 25 мың тонна жанар-жағармай тұтынады. Ал нау­рыз айында өңір тұрғындарының жанар-жағармай тұтыну мөлшері 15 пайызға артқан. Бұл Ақтөбе облысы аймағынан өтіп жатқан транзиттік көліктердің арзан отынды көптеп сатып алып кетуімен байланысты. Әсіресе Ресей Федерациясының көршілес Орынбор облысына жа­нар-жағармай шектеусіз кетіп жатты. Энергетика басқар­масы жанар-жағармай бағасы өскен кезде де сатылымда АИ-95 маркалы жанармай 204 теңгеден, ал дизельді отын 260 теңгеден асырылмайды деген уәдесіне қарамастан бүгін бекеттердегі бағаның шарықтап кеткені байқалады.

Ауыл шаруашылығы басқар­масы басшысының орынбасары Әттиев Асылханның айтуынша, көктемгі егіс жұмыстары үшін өңір шаруаларына 800 тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Үкіметтен бөлінген арзандатылған дизель отынының бағасы литріне 207 теңгені құрайды. Қазіргі кезде арзандатылған отын Қобда, Мәртөк аудандары жіберілді. Бұл әзірге көктемгі далалық жұмыс­тарға жеткілікті.