Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық және жұмыста табыс тіледі.
Сонымен қатар, мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, ықпалдастық үрдістерінің жүзеге асу барысын талқылады.