Петропавлда «Қазақстаннан тәуелсіздік алдық» деп мәлімдеме жасаған «Халық кеңесі» тобының үш мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл іске қатысты Мәжілісте мәселе көтеріліп, сепаратистерді жазаға тарту керек деп айтылған еді.
Содан кейін полиция қылмыстық іс қозғаған.
Олар «Қазақстаннан тәуелсіздік алдық» деп мәлімдеме жасаған. Содан кейін топтың үш мүшесі ұсталды.
Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталған үш фигурантты 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.