2028 жылдан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыру жоспарланып отыр. «Ашық» НҚА порталында Еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2028 жылға дейін нарықтағы жағдай әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды тоқтата тұрудың арқасында айтарлықтай күрделі емес. Алайда, 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды қайта бастау жоспарлануда. Бұл егде жастағы әйелдердің жұмысқа қабілеттілік мерзімін ұзартуға әкеледі. Жас жұмыс күшінің өсуімен бірге бұл еңбек нарығындағы жағдайды күрт нашарлатады», делінген құжатта.