Өткен жылдың 9 қарашасында Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында оқыс оқиға болып, 10 жасар баланы қатты күйік шалған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Facebook-тегі парақшасында зардап шеккен баланың қазіргі жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зардап шеккен балаға 19 ота, атап айтқанда, 13 рет теріні ауыстыру операциясы және 6 некрэктомия жасалған.
Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай бойы қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде жатты.
Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері бұл жағдай туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Науқас ауруханаға 2022 жылдың 9 қарашасында өте ауыр жағдайда түсті. Баланың 65 пайыз денесін күйік шалған. Біздің ауруханада емделген баланың қазіргі жағдайы біршама жақсарды», дейді ол.
Дәрігердің айтуынша, ауруханадағы білікті мамандар баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.