• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 23 Сәуір, 2023

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

382 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК сәуірдің 23-іне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қара теңіз аудандарынан шыққан циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, шығыста тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус аяз сақталады.