• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Сәуір, 2023

Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

362 рет
көрсетілді

12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz  «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

24 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының батысында найзағай, тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Көкшетау қаласында 24 сәуірде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

24 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 метр болады.

Астана қаласында 24 сәуірде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15 метр болады.

24 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман болады.

24 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай болады. Облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр. Петропавл қаласында 24 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз күші 15-20, екпіні секундына 23 метр.

24 сәуірде түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 метр. Атырау қаласында 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр.

24 сәуірде түнде Қостанай облысының шығысында, солтүстігінде найзағай болады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.

24 сәуірде күндіз Павлодар облысының шығысында, орталығында найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Павлодар қаласында 24 сәуірде күндіз найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

24 сәуірде Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

24 сәуірде Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Семей қаласында 24 сәуірде оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр.

24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Өскемен қаласында 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр.

24 сәуірде Түркістан облысының тауларында найзағай болады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 метр.