• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Сәуір, 2023

Алматыда әйелдің басын кесіп, дүкенге қалдырып кеткен күдікті ұсталды

506 рет
көрсетілді

Бұған дейін Алматы саябағында басы кесілген әйел адамның мәйіті табылғаны туралы хабар тараған еді. Жедел уәкілдер келіншекті қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция қызметкерлері нақтылағандай, күдікті жәбірленушімен тек бірнеше күн ғана таныс болды, ал қылмыс жанжал кезінде жасалған.

«Соттың санкциясымен 1962 жылы туған азамат қамауға алынды», деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Аталған іске қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде сағат 8:40-та полицияға Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеріп, мәйіттің басы кесілгенін анықтаған. Кейінірек белгісіз ер адам әйелдің басы салынған дорбаны жақын маңдағы дүкендердің біріне қалдырып кеткені хабарланды.