25 сәуірде өткен Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын планшеттерге ауыстыру ұсынысынан бас тарқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бізге ұсыныс жасау тапсырылғандықтан, біз оны тұжырымдап, оқулықтың орнына планшет қолдануды ұсындық. Бірақ салалық ведомство – Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселемен айналысып, қазір инновацияны енгізудің басқа әдісін ұсынып отыр. Олардың әдісі басқа, пікірі бөлек. Біз олардың пікіріне сүйенеміз», деді министр.
Бұл ретте Бағдат Мусин Оқу-ағарту министрлігі қандай әдіс ұсынып отырғанын қоса айтты.
«Сыныптарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр», деп түйіндеді ведомство басшысы.