• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Сәуір, 2023

Гүлмира Сатыбалды сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

508 рет
көрсетілді

Гүлмира Сатыбалдыға айыптаушы тарап сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Гүлмира Сатыбалдыны 389-баптың 4-бөлігі, 28-бөлігі, 3-бөлігі және 125-баптың 2-бөлігінің 1,8-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тануыңызды сұраймын.

ҚК-нің 389-бабының 4-бөлігі бойынша – 6 жылға бас бостандығынан айыру, 28-бабының 3-бөлігі және 125-бабының 2-бөлігінің 1,8 тармағы бойынша – мүлкін тәркілеусіз – 8 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын.

Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігі негізінде, жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіріп, Сатыбалды мүлкін тәркілеусіз 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтесін», деді прокурор Азамат Сәрсембаев.