• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Сәуір, 2023

Синоптиктер мамыр айындағы құрғақшылыққа болжам жасады

345 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мамандары мамыр айына құрғақшылықтың алдын ала болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, мамыр айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан төмен, елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында нормаға жуық болады деп болжанып отыр. 

Жалпы, топырақтың көктемгі сулануын және нақты ылғал қорын ескерген синоптиктер мамыр айында құрғақшылық күтілмейтінін алға тартты.

«Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады, ал жеке аудандарда ылғалдану жағдайы оңтайлы болады. Оңтайлы ылғалдану жағдайлары көбінесе Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында: Тарбағатай, Күршім, Зыряновск, Катонқарағай, Шемонаиха, Бородулиха, Жарма, Аягөз, Көкпекті аудандарында және Семей қаласында, сондай-ақ Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Атбасар, Егіндікөл және Астрахань аудандарында, Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында және Алматы және Ақтөбе қалаларында болуы ықтимал», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.