Атырау кеденшілері алты айда ел қоржынын 203 миллиард 886 миллион 788 мың теңге кіріспен толықтырды
Бюджет қоржынын толықтыратын саланың бірі – кеден. Осы орайда Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті кедендік төлемдер мен салықтар түсімі бойынша берілген жоспарды үнемі артығымен орындап келеді. Мәселен, биылғы бірінші жартыжылдықта аталған департамент ұжымының жоспарлы тапсырмасы артығымен орындалды. Жыл басында берілген жоспарлы тапсырма – 202 миллиард 868 миллион 974 мың теңге болса, нақтысында бюджетке аударылғаны – 203 миллиард 886 миллион 788 мың теңгені құрап отыр.
Кеденнен де кенен кіріс түсіруде өз міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқаратын Атырау кеденшілерінің бұл табысын 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі 75 миллиард 372 миллион 274 мың теңгеге артқаны байқалады. Демек, ортақ істе әр кеденшінің үлесі бар екенін атап өткен орынды болмақ.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.