• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2023

Оралда жарылыс болып, үш адам қаза тапты

271 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға 25 сәуірде сағат 21:00 шамасында Исатай-Махамбет көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, қалалық мәдениет және демалыс саябағы маңында орналасқан гаражда жарылыс болған. Оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылған. Қазір онда полиция мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.   Өрт салдарынан Исатай-Махамбет көшесі бойындағы Абай даңғылынан Ихсанов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысын жабуға тура келді.   Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 30 шаршы метр аумақтағы гараж жанған, ішінде «ВАЗ-2121» өртенген. Кейінірек өрт 42 шаршы метрлік жеке тұрғын үйдің шатырына жайылған. Өрт сөндірушілер гараждан үш мәйітті тауып, төрт оттегі баллонын шығарды.   Өрт 21:31-де ауыздықталып, 22:02-де толығымен сөндірілген. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 23 қызметкері мен 7 техника жұмыс істеді.