• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Туризм 26 Сәуір, 2023

Қазақстанға туристер көбірек келе бастады

394 рет
көрсетілді

2022 жылы елде орналастыру қызметтерін пайдаланған туристер саны 7,3 миллион адамға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 34%-ға көп (5,4 млн турист). Өткен жылы отандық туристердің жалпы саны 8,6 миллион адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазір елімізде 928 мыңға жуық шетелдік турист бар. Бұл көрсеткіш 2021 жылдан бастап үш есеге жуық өсті. Ал орналастыру орындарындағы отандық туристердің саны өткен жылы 6,4 миллион адамға жетті», деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі нің баспасөз қызметі.

Министрлік 2029 жылға қарай Қазақстандағы ішкі туристер санын 11 миллион адамға жеткізуді көздеп отыр.

Қазақстанға келетін шетелдік саяхатшылар көп уақытын Маңғыстау облысында өткізеді. Орта есеппен басқа елдерден келген қонақтар Каспий теңізінің жағалауында 7 күннен 12 күнге дейін болған.