• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Сәуір, 2023

Президент: Ассамблея саяси партиялармен кеңесіп отыруы қажет

242 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев  саяси партиялармен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасын күшейту керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту керек. Бұл жұмысты орталықта және аймақтарда жүргізген жөн. Біз ауқымды саяси реформалардың нәтижесінде шынайы пікір алуандығына қол жеткіздік. Әрине, әр саясаткердің өз пікірі болуы орынды. Елімізді дамыту, күнделікті мәселелерді шешу туралы көзқарастар үнемі бірдей бола бермейді. Бұл – түсінікті. Алайда ел бірлігін сақтауға келгенде біз жұдырықтай жұмыла білуіміз керек. Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс»,  деді Мемлекет басшысы. 

Осы ретте ол Ассамблея саяси партиялармен ақылдасып, кеңесіп отыруы қажет екенін айтты. Сонда ел бірлігі нығая түседі. Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолы кесіледі.