Қазіргі заманғы нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық тақырыбы және құқықтық мемлекет құру жайы расында да өзекті мәселе болып отыр. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізіп, қазіргі таңда кеңінен таралуда. Бұл құбылыс бірінші кезекте мемлекеттік қызмет органдарының имиджіне теріс әсер етеді, азаматтардың сеніміне нұқсан келтіреді, мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қауіп төндіреді және экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіретіні сөзсіз. Бүгінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және жою – өзекті міндеттердің бірі.
Елордалық Қазынашылық департаментінің қызметкерлеріне бюджеттің барлық баптары мен Астана қаласының аумағында орналасқан барлық мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алу субъектілерінің және қаржылық немесе қаржылық емес қолдау операторының қатаң қаржылық тәртібі бойынша қатаң үнемдеу шеңберінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын тиімді бақылау бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осылайша, тәжірибелі қызметкерлердің қаржылық құжаттарды қабылдауының бірінші кезеңінде, ал бұл қазынашылық органдарында бір жылдан астам жұмыс істейтін қаржыгерлер мен экономистер, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, олардың мемлекеттік бюджетті одан әрі атқару үшін бюджет заңнамасының баптарына сәйкестігі қазынашылық тетігі арқылы қатаң түрде қаралады. Бұл – қазіргі уақытта түсімдер мен шығыстар туралы күнделікті ақпаратқа жедел түрде қолжеткізуге мүмкіндік береді. Кірістердің түрлері және шығыстардың барлық санаттары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің, оларды тиімді басқару мақсатында қаржы ресурстарын орталықтандыру, бағдарлама әкімшілерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету маңызды.
Бюджетті атқарудың қазынашылық тетігі бүгінде мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру бойынша жедел іске асыру саласында үздік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бағытта республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың бюджет жүйесінің негізгі қағидаттарын: бюджет түсімдерін қайта бөлу арқылы бюджеттердің өзара іс-қимылына негізделген және бірыңғай нормативтік құқықтық базамен қамтамасыз етілетін бюджеттердің барлық деңгейлерінің бірлігін, толықтығын, шынайылығын, транспаренттілігін, жауапкершілігі мен дербестігін сақтауын қамтамасыз етуде Қазынашылық департаментінің мемлекеттік қызметшілері маңызды рөл атқаруда. Атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылауды, яғни мемлекеттің қаржылық мүдделерін түбегейлі жүзеге асырады.
Бүгінгі таңда Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі нақты уақыт режімінде бюджет қаражатын уақтылы, сапалы және толық игеруге мүмкіндік береді. Бұл тек қазынашылық қызметкерлерінің құзыреттілігі мен жеделдігіне ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің есеп қызметкерлеріне де байланысты. Әдетте, бұл мәселе білімді, сауатты мамандар болмаған жағдайда нормативтік құжаттарды білмеуге, құжаттарды рәсімдеу мәселелерін нашар меңгеруге, бос қорлардың қалдықтары бойынша жеткіліктілігін бақылау болмағанда және ұсынылған құжаттарды ұқыпсыз рәсімдеуге, бұл құжаттарды пысықтауға қайтаруға әкеп соғады. Осыған байланысты Қазынашылық департаменті тоқсан сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және мемлекеттік мекемелермен бюджет заңнамасына жаңа өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар өткізеді. Қазынашылық қызметінде үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін көрсеткіштер бойынша тоқсан сайын қызметті рейтингтік бағалау енгізілген.
Қазынашылық жұмысының сапалы және уақтылы жүргізудің оң нәтижесі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюдың профилактикасы бойынша күшейтілген жұмыстың арқасында, яғни «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін енгізу арқылы қол жеткізіледі. Бұл қазынашылық қызметкерлерінің клиенттермен байланысын барынша азайтуға және тіпті өзара байланысты болдырмауға мүмкіндік берді. Жүйе бюджет қаражатын нақты уақыты режімінде аударуды жүзеге асырады, олардың мақсатты жұмсалуын қадағалайды.
Бүгінде департаментте «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын 313 мемлекеттік мекемеге, 86 квазимемлекеттік сектор субъектісіне, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде 190 Мемлекеттік сатып алу субъектісіне, 3 қаржылық және қаржылық емес қолдау операторына қызмет көрсетіледі.
Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын одан әрі қалыптастыру және дамыту үшін Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында Қазақстанда барлық мемлекеттік органдарда, атап айтсақ, Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыс бағытының негізгі басымдылығы болып табылатын жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша мақсатты, жоспарға сай жүйелік шаралар қабылданып, орындалуда. Жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заңнамаларды түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу іс-шаралары тақырыбында дәрістер мен семинарлар жоспарға сай үнемі өткізіледі.
Жыл сайынғы қазынашылық органдары арқылы қаржылық құжаттардың орасан зор ағыны, яғни нақтылы ақшалай қаражаттың «көшкіні» өтетіндігін ескерсек, бюджеттің нысаналы әрі тиімді қолданылуын бақылауды басты назарда ұстай отырып, бюджетті атқаруда осынау сүбелі жұмысты абыройлы әрі адал атқару қазынашылық қызметкерлерінің ел экономикасына қосқан орасан зор үлесі екені белгілі.
Негізделген стратегиясы бар біздің қазынашылық жүйе ұдайы даму үстінде, сондықтан осы алға қойған мақсатқа бағытталған еңбектің тиімділігі тікелей бюджетті атқаратын адамдарға – қазынашылық қызметкерлеріне байланысты екені барлығымызға аян.
«Біз, өз мамандығы бойынша еңбек етіп жүрген адамның кез келгені, елінің гүлденіп көркеюіне өзіндік үлес қосуды қалаймыз. Елдің дамуы әрбір азаматтың еңбек етуіне, отаншылдығына байланысты. Осы үшін бәріміз барымызды салып жүрміз» деген пікірдегі қазынашыларымыздың қызметі бабында не істесе де халық мүддесі үшін атқаратын, ел болашағын бәрінен үстем көретін, саналы да білікті, кәсіби мамандарымыздың Қазақстанның гүлденіп көркеюіне қалтқысыз еңбегімен әлі де бағындырар асулары мол, әрі биік шыңдар мен межелерден көрінетіні сөзсіз.
Елордалық Қазынашылық департаменті жемқорлықтың алдын алу және оның көріністерімен күресуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті күшейтуге және өз қызметінде тәртіпті нығайтуға бағытталған Президент жүктеген міндеттерді орындау жолында алдағы уақытта да қарқынды жұмыс атқаратын болады.
Гүлжан Өнербекова,
Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Астана қаласы Қазынашылық департаментінің басшысы