• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Сәуір, 2023

Ескі норматив өзгеруге тиіс

289 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда «Қазжол ҒЗИ» жол-құ­ры­лыс материал­дары бойынша нормативтерді рефор­ма­лауға дайындалып жатыр. Институттың сарап­та­малық тобының жұмысы осы II тоқсанда ортасына жақындады.

Атап айтқанда Қазақстанның жол саласының нор­мативтік базасын реформалау жөніндегі жұмыс топта­рының қызметі өз межесінің ортасына жетті. Жа­қын­да «Қаз­жолҒЗИ» АҚ базасында жол-құрылыс материалдары мен бұйымдары тақырыбы бойынша кезекті нормативтік кеңес өтті.

Кеңеске еліміздің басқа да автожол ұйымдарының сарапшылары қатысты. ҚазжолҒЗИ жанында өткізілген жұмыс топ­­­тарының отырыстары то­лық ашықтық қағидасымен және іс-шараға жоғары санат­тағы мамандар мен сарап­шы­лар­дың белсенді қатысуы­мен ұйымдастырылады. Айта кет­сек, жыл бойы жұмыс то­бы­ның мүшелері Қазақстан Рес­публикасының нор­ма­тив­те­рін өзгерту және то­лық­тыру бойынша өз ұсыныс­тарын енгі­зіп жатыр.

Бұған дейін институт норма­тив­терді реформалау мәселе­лері бойынша төрт кеңес өткізген болатын. Бұл авто­жол­дардағы жобалау және салу, диагностикалау, жасанды құрылыстар, сондай-ақ жол құрылысын ұйым­дастыру және қауіпсіздігі жөніндегі отырыстар болатын.

Негізі ҒТҚ базасын реформалау бойынша мемлекет­тік тапсырма аясында институт басшылығы нормативтік бағыт­тар бойынша 7 жұмыс тобын құрды. Қазақстанның жол нор­ма­тивтік базасының проблемаларына талдау осы жылдың II тоқ­санынан бастап жүргізіліп жатыр.

«ҚазжолҒЗИ» сарапшыларын, көп жағдайда бір-біріне қарама-қайшы сипатта келетін автожол саласының 1200-ге жуық стандарты мен нормативін реформалау күтуде.

Осы кезде Қазақстанның жол саласында үлкен тәжіри­бе­сі бар және біздің еліміздегі стандарттау проблемалары­мен тікелей айналысатын же­тек­ші мамандардан құрал­ған сараптамалық топтар, ба­ғыт­­тарына сәйкес автожол сала­сының нормативтік базасын реформалау бойынша жұ­мыс­тарды атқарады. Базаны реформалау жол-құрылыс ғылы­мы­ның дамуын арттыруға мүм­кіндік беріп, автожол өндірі­сіндегі инновацияларға жол ашып қана қоймай, жол-құры­лыс индустриясының отандық кәсіпорындарының сапасын жақ­сартады деген үміт бар.

Бүгінгі күнде жобалау және құрылыс, диагностикалау, жасанды құрылыстар, жол қауіп­сіздігі, жол-құрылыс мате­риал­дары мен бұйымдары және стан­дарттау сынды тақы­рып­тар­ға сәйкес арнайы топтары жұмыс істеп жатыр. Аталған жұмыс топтарының құрамына институт мамандарымен қатар жол-құрылыс компаниялары, жолшылар, жетекші сараптамашылар мен белді ғылым өкілдері кірген. Сонымен қатар аталған топ жұмыстарына бұдан былай да қатысамын деушілер институттың ресми әлеуметтік желілері арқылы тіркеліп ниет білдіре алады.