• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Сәуір, 2023

Ақын Серік Қалиев дүниеден өтті

704 рет
көрсетілді

Белгілі ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті. Бұл туралы журналист Бекен Қайратұлы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Серік бауырым Алласына аттанған екен. Иманды жырларың мен игі амалдарың қабір жолдасың болғай, отбасына һәм туыс-туған, дос-жарандарына Жаратушы Ием сабыр берсін. Бір Алла қамқорына алғай досым. Алла Тағала о дүниеде сауабыңды, дәрежеңді арттырсын және күнәларыңды кешірсін. Алладан келдік, Аллаға қайтамыз», делінген жазбада.

Серік Қалиев 1961 жылы Жамбыл облысына қарасты Амангелді ауылында дүниеге келген.  Ол 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. 

Серік Қалиевтың «Жұлдыз-сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» өлең жинақтары жарық көрген.