Қостанайда зейнеткер бесінші қабаттағы терезеден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 27 сәуірде Көбеев көшесінде болған. 85 жастағы зейнеткер бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Қарт әйел қайтыс болды.
Полицейлер қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу-жедел тобы оқиға орнында жағдайды анықтап жатыр.