Атырау полицейлері 1 тоннадан астам заңсыз балық тасымалдаған күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
22 сәуір күні Құрманғазы ауданы Шарон өзені бойында 1987 жылы туған және 1991 жылы туған аудан тұрғындарының басқаруындағы қайықты тексеру кезінде жалпы салмағы 1 203 кг құрайтын сазан, жайын, көксерке, құтықаракөз қара балықтары тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 335-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.