• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Сәуір, 2023

Астанада сенбілік кезінде 8 мыңға жуық ағаш отырғызылды

420 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада «Жасыл Астана» эко-айлығы аясында алғашқы жалпықалалық сенбілік өтті. Оған қатысқан белсенділер елорданың бес ауданына сегіз мыңға жуық жасыл желек отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жалпықалалық сенбілікке 62 мыңнан астам адам қатысты. Олардың ішінде қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес өкілдері және т.б. бар.  Олардың әрқайсысы елордада тазалық пен тәртіптің орнауына өз үлесін қосты.Қала тұрғындары бүкіл кіреберістер мен өз аулаларының тазалығына атсалысты. 

Сенбілікке қатысушылар өз учаскелерін белсенді түрде көгалдандырды. Бір күнде қалада сегіз мыңға жуық ағаш отырғызылды.«Ауламызға ағаш отырғызылды. Уақытылы күтім жасалса қоршаған ортаға пайдасы зор болмақ. Аптап ыстықта күннен қорғайды деп сенеміз. Көршілерімізбен бірге ағаш отырғызып, айналаны бірге тазарттық», деді астаналық Михаил Прошин.Сенбілік барысында елордадан мың тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды. Қаланың 3,3 млн шаршы метрден астам жері тазартылды.Елордада сенбіліктер сериясы алдағы уақытта да жалғасады.