28 сәуірде Атырауда 16 мың тұрғын жиналған эстрада жұлдыздарының гала-концертінде 172 бала жоғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
- Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен. Оның 125-і 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47-сі 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі балалар, - делінген полицияның хабарламасында.
Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.