• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Сәуір, 2023

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Азия чемпионы атанды

403 рет
көрсетілді

Ұлттық ұланның елордадағы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ержан Еренқайыпов дзюдодан ашық Азия кубогінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

28-29 сәуір аралығында Эль-Кувейтте өткен жарысқа әлемнің 27 елінен 150-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 8 салмақ дәрежесінде 15 спортшы бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Қазақстан спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

– Әлемдік аренада алтын медаль жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Финалда мен түрікмен дзюдошысы Довран Язкылычовпен кездестім. Бұл керемет жекпе-жек болды. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановқа осы жарысқа қатысуға мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ өз жаттықтырушыларыма алғысымды білдіремін, – деді Е. Еренқайыпов.