• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Елорда 30 Сәуір, 2023

Таза аудан – таза қала

345 рет
көрсетілді

Астанада жал­пы­қалалық сен­білік өтті. Өз қаласының өркен жаюына бейжай қарамайтын бар­ша тұрғын білегін сыбанып, бір кісідей сенбілікке жұ­мылды. Тіршілік оянып, жер көгере бастаған шақтағы бұл игі шара қаламыздың кейпін өзгертіп, түрлендіріп жіберетіні анық еді. Әсіресе Байқоңыр ауданының тұр­ғындары мен ау­дан аумағына орналасқан меке­ме-ұйым­дардың тазалыққа деген ықы­ла­сы айрықша болды.

Байқоңыр ауданында экологиялық айлықты ұйымдастыру және өткізу шеңберінде аудан аумағын жи­науға барлық ұйым мен мекеме, кәсіп­орындар, ШОБ және базарлар, әлеу­меттік нысандар және басқа да мекемелер мен басқармалар түгел дерлік қатысты. Әрқайсысы жылдағы тәртіп бойынша өздеріне тиесілі аумақты жиып-теріп, тап-тұйнақтай етіп тазалап шықты.

Әкімдік аппаратының қызметкер­лері сенбілік тиянақты атқарылуы үшін әуелі бірқатар ұйымдармен бірлесіп, іргелес және бекітілген аумақтарда қажетті іс-шара түрлерін көрсете отырып, 5000-нан астам хабарламаны құлақтандыру және тарату бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

Нәтижесінде, аудан бойынша сенбілікке барлығы 10 мыңнан астам адам қатысты. Көшелер бойын­дағы қоқыстарды жинап, тиеп әкетуге 100-ден аса арнайы техника жұмылды­рылды.

 Үлкен сенбілік шеңберінде аудан тұрғындарының бәрінің жан-жүрегін жылытып, қуанышқа бөлеген ізгілігі мол бір шараны арнайы айтып өткіміз келеді. Байқоңыр ауданының орталық алаңдардың бірі – Жұмабек Тәшенов көшесі бойындағы саябаққа ағаш отырғызу рәсіміне Астана қаласы мәсли­­хатының хатшысы Ерлан Кана­лимов бастаған елорда депутаттары, аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев арнайы келіп, өз қолдарымен көшет екті.

Астананы жасыл желекпен абат­тан­дырудың игілікті шарасына Байқоңыр ауданының аумағын­дағы Үндістан, Түрікменстан елшілік­терінің өкілдері, қалалық басқарма басшылары, Жазушылар одағының мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ «Жас сарбаздар» жасөспірімдер әскери-патриоттық орталығының өрендері және ауданның белсенді тұрғындары қатысты. Бұл көрініс бізге қазақ халқының біртуар тұлғасы Жұмабек Тәшеновке көрсетіліп жатқан тағзым құрметіндей әсер етті.

Негізі, жалпықалалық сенбі­лігі аясында «Байқоңыр» ауданының барлық дерлік аумағында ағаш отыр­ғызылып, жанға жылы игі шара ауқымды түрде ұйымдастырылды. Көрсетілген саябаққа барлығы 100-ден аса көшет егіліп, оның аумағы қоқыстардан тазартылды. Сенбі таңын серпінді сенбіліктен бастаған, ізгі іске қатысушылардың барлығына ыстық тағам ұсынылып, көңілді кон­церттік нөмірлер қойылды. Бұл мәдени-рухани шара келушілерге ерек­ше көңіл күй сыйлады.

 Бұлармен бірге Ж.Тәшенов, М.Ғаб­дул­лин, А.Пушкин және 191 көшесіне, оған қоса Қарулы Күш­те­рдің «Ұлт­тық әскери-патриот­тық орталығы» РММ және Төлеген Айбергенов атын­дағы №16 орта мектеп аумақтары бо­йынша 1205 бірлік көлемінде жасыл желек отырғызылды.

Сол күні Байқоңыр ауданы аума­ғындағы жалпы сенбілікке барлығы 10 мыңнан аса адам қатысып, 1200-ден аса ағаш отырғызылды.