• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 01 Мамыр, 2023

Елордада Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланып жатыр?

329 рет
көрсетілді

1 мамыр - күні Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл қазақстандықтар арасындағы бірлікті, достықты және этносаралық келісімді білдіретін басты мерекелердің бірі. Дәстүр бойынша бұл күн ерекше атап өтіледі. Астанада осы мерекеге орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дәстүр бойынша салтанатты іс-шаралар елорданың ашық алаңдары мен саябақтарында ұйымдастырылып, оған барынша көп адам қатысады.Мәселен, қаланың шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарламалар Астананың әртүрлі аудандарында – Бәйтерек монументінің алаңында, Бейбітшілік және келісім сарайының жанындағы амфитеатрда, қалалық алаңда және Жазушылар аллеясында өткізілді.Жиналған жұртшылықтың алдында мемлекеттік академиялық филармония әртістері мен отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, олардың арасында Гүлнұр Оразымбетова, Алмас Кішкенбаев, Жігер Аупбаев, Дос, Әлішер Кәрімов, Қайрат Баекенов, Серік Ибрагимов және басқалары бар.Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттер ғана емес, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар да ұйымдастырылды.«Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздің біртұтас екенін, ал мемлекетіміздің өз халқына қамқор екенін көрсетеді. Бұл мереке ойын-сауық үшін ғана емес, сонымен қатар ой жүгіртіп, таразылайтын да уақыт.Менің ойымша, бұл біздің еліміз әртүрлі мәдениеттер мен ұлт өкілдерінен тұратынын және әрқайсымыз оның дамуына үлес қосатынымызды білдіретін күн», деді «Терра» би театрының солисі Алена.Мерекеге тек елорда тұрғындары ғана емес, қала қонақтары да қатысады.

«Мен үшін Қазақстан халқының бірлігі күні – барлық ұлт өкілдері салт-дәстүрі мен мәдениетін атап өтіп, өзін үлкен біртұтас қоғамдастықтың бөлігі ретінде сезіне алатын күн.

Өзім мерекелік іс-шараларға барғанды ұнатамын, онда сіз халық әндерін тыңдап, түрлі тағамдардан дәм тата аласыз, мың бұралған билерді тамашалап, ұлттық киімдерді де көре аласыз. Бұл еліміздің қаншалықты тату-тәтті өмір сүріп жатқанын білдіреді», дейді мереке қонағы Айгүл.Астана қаласы Мәдениет басқармасының мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Салтанат Муксимова елорда тұрғындары үшін мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, керемет көңіл-күй сыйлаудың маңыздылығын айрықша атап өтті.«Қала тұрғындары концертке өте белсенді қатысады. Олар қошеметтерін білдіріп, таңданыстарын жасырмайды. Бұл жерде «Жастар» сарайының солистері өнер көрсетеді. Сонымен қатар, біздің әртістер қалалық алаңда, Бәйтерек монументі мен жаңа амфитеатрдың жанында да өз өнерлерін паш етеді», деді Салтанат Муксимова.