Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша Billie Jean King Cup әлем чемпионатының іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан қыздар командасы В тобында Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ұтты.
Бірінші ойында Ариана Гогулина Нгуенді 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Полина Слепцова Нгоны 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Жұптық сында А.Гогулина Анастасия Крымовамен бірге апалы-сіңлілі Нголардан 6:3, 6:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, Ярослава Шведованың шәкірттері өз тобында көш бастады. Ертең қазақстандық қыздар Иран құрамасымен ойнайды.