• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Мамыр, 2023

Астанада балабақша өртенді

502 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде елордадағы балабақшалардың бірінен өрт шыққаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2 мамыр күні сағат 15:29-да Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшесіне Хлудов көшесі, 1 мекенжайында балабақша өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер балабақша шатырының жанып жатқанын анықтады.

Балабақша әкімшілігінің айтуынша, балалар өрт сөндіру қызметі келгенге дейін эвакуацияланған.

Соңғы мәлімет бойынша, өрт 16:15-те сөндірілді.

Оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.