• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Мамыр, 2023

Соғыста романтика болмайды

404 рет
көрсетілді

Сталин мен Гитлердің не айырмашылығы бар? Ешқандай, мәселе мұрттарында ғана… Сіз осыған келесіз бе? Біз соғысты қолдаған емеспіз. Өйткені онда адамшылық, сезім жоқ. 

Екінші дүниежүзілік со­ғыс­ қаншама мемлекетті есеңгі­рет­кенімен, сол дәуірде жаңа өрке­ниетті түзді. Еуропаның қайта түлеуіне жол ашып, езілген халыққа ес жиғызды. Соғыстың миссиясы да сол, біреуді жаншу емес, майданнан кейінгі жаңа өмір­ге бетбұрыс жасау. Ал оған­ барар жолдың ең оңайы қолы­ңызға қару ұстағанда ғана ашы­лады. Иә, тыныштықты біреу айқалағанда ғана сезінесіз, қал­ған уақытта оған мазмұн беру­дің қажеті жоқтай…

Көршіміз соғысып жат­қан­на­н кейін бе, түсімізге бомба кіре­тін болыпты. Әрі әлемде соғыс жайлы фильмдерге­ сұра­ныс артқан. Қазір осы тақырып бүтін адамзаттың санасына қоныстанып алғандай. Бұл жолы режиссер Дэвид Эйердің «Ашу» кинокартинасы жайында сөз қаузамақпыз. Фильмнен алған әсер бізді қайтадан майдан мәселесіне оралуға мәжбүрледі. Әрине, кино шынайы өмірдің голограммасы секілді. Бәрібір жасандылық һәм көркемдік ке­ңістіктің бояуы болады. Деген­мен де идеялық мазмұны ақылға жүк болардай эмоция мен мән сый­лайды. Сонысымен де құнды.

1945 жылдың сәуірі. Үшін­­­­­­ші рейх ыдырап жатқан уа­қыт.­­ Бірақ нацистер әлі де аш қас­қыр­дай алға жылжып келеді. Бұларға бөгет болу үшін бір топ америкалық жауынгер батыл­ әскери операция жоспар­лай­ды. Мұздай қаруланған мың­да­ған жауға танкімен қарсы тұр­ма­саңыз, талқаныңыз шығуы мүм­кін.­ Сондықтан күш «Өкіл әке» де­ген лақап атымен танымал, шай­қаста шыңдалған сержант Дон­ Кольерге түседі. Себебі ол бұрын талай майданнан аман­ шыққан Шерман танкісін (M4A3E8) басқарады. Оның бес адам­нан тұратын экипажы бар. Әйткенмен алғаш­қы ұрыста экипаж­ шығын­ға ұшырап, оқыс­тан­ пуле­мет­ші­нің көмекшісі қай­тыс болады.

Сыралғы сарбаздан айы­ры­л­ған­ сержант командирден оның орны­на білікті жауынгер жіберуді сұрайды. Әйтсе де ала­пат ұрыста тәуір сарбаз табу мүм­кін емес еді. Сөйтіп, полковник бұрын штабта қызмет еткен балауыз Норман Эллисонды жібереді. Норман майданда ысылмаған әрі жаумен бетпе-бет келмеген әскери маман. Қолына қару алып адам өлтіруге де қауқарсыз еді.

Сонымен бронетранспортер­ колоннасының қозғалысы кезін­де­ Норман танкі ішінде панцерфаустпен қаруланған гитлерлік жас­өспірімді көреді. Бірақ сөйте тұра­ оған оқ атуға батпайды. Мұны бақылап тұрған майдан­дас­тары экипаж мүшесінің бұл­ әрекетін бассыздыққа балай­ды. Абырой болғанда амери­ка­лықтар жау колоннасын ше­гіндіреді. Базаға оралғаннан кейін Дон Кольер жас сарбаздың жағасынан алып, нацистерді аяуға болмайтынын ескертеді. «Егер сен өлтірмесең, сені ғана емес, қаруластарыңның да тағдыры қиылады», дейді ашуға бу­лы­ғып.

Майданда командир қайтыс бол­ғаннан кейін Дон танк рота­сын басқарады. Оның қол­бас­шы­лығымен танкішілер ат­қыштар взводына көмекке ке­ліп, не­містің танкіге қарсы бата­рея­­сын жойып жібереді. Бұл шай­­қаста та Норман әлсіздік көр­­сетеді. Жекпе-жектен ке­йін­ командир оның қолына ре­воль­­­­верін ұста­­тып, тұтқынға алын­­­ған неміс солдатын атуға мәж­­бүр­лейді. Норман тағы да ба­тыр­ға тән мінез көрсетпейді. Осы­­лайша, келесі шайқаста ол сна­ряд тиіп, азап шеккен неміс­тер­ге жанашырлық танытып, қи­нал­май өлуі үшін пулеметпен атады.

Кескілескен ұрыстан кейін, көп ұзамай америкалықтар Германияға тиесілі қаланы басып алады. Шерман танкісінің мүшелері шағын шаһарға еркін бойлап, көпқабатты үйдің біріне баса-көктеп кіріп келеді. Бөлмеде тығылып отырған бойжеткен Эмма мен анасы шошып кетеді. Оларға америкалықтар тиісуге оқталғанда командир­ араша болады. Ал жас пуле­мет­ші музыкаға әуес неміс қы­зына ғашық болып қалады. Екеуі соғыстан кейін кездесуге серттесіп те үлгереді. Бірақ танкис­тер кете салысымен, қала­ға нацистер оқ жаудырады. Снарядтың бірі Эмманың пәте­ріне түсіп, жас ару қаза бола­ды. Норман құтқаруға оқтал­ға­ны­мен,­ үлгере алмайды.

Рейд кезінде танкішелер неміс­ танкісінің эки­­пажы құр­ған­ буксирге­ тү­седі. Дон мен оның­ қару­лас­та­ры минаға соқ­ты­­ғысып, нәти­же­сін­де­ шасси­ге­ айтар­лықтай зиян келе­ді.­­ Бар­лауға жіберілген Нор­ман жау­дың батальоны жа­қын­ қал­ға­нын айтып, танкіні тас­­­тап қашуды ұсынады. Бірақ ер­жү­рек­ командир жаумен жал­­ғыз алы­­суға бел байлайды. Сөйтіп, олар бірлесіп қалың ба­­тальонға қар­сы тұрады. Қан­ша­ мық­ты қаруланғаны­мен эки­­­паж мү­ше­­лері бірінен соң бірі ерлік­пен қаза табады. Ең со­ңын­да командир Норманды тан­кі­­нің астына жасырып, өзі гра­­ната жарылысынан көз жұмады.

Ең қызығы, кинокартина соңында Норманның өзі секілді аңғал да романтик неміс сарбазы­ оны байқап қалады. Бірақ ба­тыр­ға айналған пулеметшіні өлімге қимай, көрмегендей өтіп кетеді.

Аталған фильмде Голлли­вуд­ жұлдызы Брэд Питт бас­та­ған актерлердің шеберлігіне таң­­ғалмасқа болмайды. Шығар­ма­ның шынайы шығуына һәм көрер­менді еріксіз сендірген кино­ әртістерінің еңбегі көл-көсір.