• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Мәдениет 03 Мамыр, 2023

«Жүлде қоры 35 млн теңге»: «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды

963 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драма», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша шығармалар қабылданады.   Аталмыш байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады, сондай-ақ үміткерлердің жас ерекшелігіне байланысты ешқандай шектеу жоқ.   Өтінімдер 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.   - «АЙБОЗ» – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындылармен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады, - деді министрлікке қарасты Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.