15 мамырдан бастап «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдана бастайды Өтінімдер 31 мамырға дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Барлық өтініштер www.almaty-zhastary.kz сайтында қабылданады. Айта кетсек, көрсетілген сайтқа кіру үшін электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) қолданылуы қажет.
Несие беру шарттары:
Займның ең жоғары сомасы– 18 млн теңгеге дейін; пайыздық мөлшерлеме – 5%; бастапқы жарна – 10%; бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі; қамту– 1 100 адамнан кем емес.Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
Қатысушының жасы - 35 жасқа дейін (35 жасқа толғандарды қоса алғанда). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады; Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы; Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы аударымдарымен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтері.Толық ақпарат www.almaty-zhastary.kz сайтында орналастырылған.
Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57 (Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы).
Әкімдіктің хабарлауынша, аталмыш бағдарлама аясында жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін қосымша қаржы бөлінді, сондай-ақ лимит 100 займға ұлғайтылды: мұғалімдерге – 50, дәрігерлерге – 50.