• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 03 Мамыр, 2023

Төлем балансының түйткілдері

222 рет
көрсетілді

Таяуда еліміздің бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банк төлем балансының ағымдағы шоты 1,6 млрд доллар көлемінде тапшылықпен қалыптасқанын жариялады. Төлем балансының әдістемесіне сәйкес тауарлар экспорты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,4%-ға төмендеп, 18,8 млрд долларды құраған. Мұнай мен газ конденсатын экспорттау 25,7%-ды құрап, 3,5 млрд долларға төмендеген.

Тауарлар импорты өз кезе­гін­де 41,4%-ға өсіп, 13,7 млрд дол­ларға жеткен. Тікелей ше­тел­­дік инвесторлардың кірісі есепті кезеңде 7,5%-ға немесе 0,5 млрд долларға азайып, 6,1 млрд долларды құрады.

Резервтік активтерді қос­па­ғанда қаржылық шоттың негі­зінен және мемлекеттік сек­тор­дың операциялары есебінен 0,7 млрд доллар көлемінде оң сальдо қалыптасқан. Сонымен қатар Ұлттық қордың активтерін қос­­пағанда резервтік активтер биыл сәуірде 36,2 млрд дол­ларға бағаланып, бұл елі­міз­дегі тауарлар мен қыз­мет­тер импортының алты және тоғыз айындағы қа­р­жыландыру мүм­кін­дігін көр­сет­кен.

Тағы бір атап өтерлік жайт, Ұлттық банк өткен жылы төлем балансын қа­лып­­­тастыруда жеке тұлға­лар­дың трансшекаралық элек­трон­ды саудасына, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктердің «сұр» импортына байланысты операцияларды қосымша есепке алуды жүргізген болатын.

Бұл ретте Ұлттық банктің Төлем балансы департаменті директорының орынбасары Жасұлан Мұратов соңғы жылдары елімізде жеке тұлғалардың ЕАЭО елдерінен өз қажетіне жарату немесе қайта сату үшін әкелген автокөліктері мем­лекеттік тіркеуге алын­ба­­ғанын, мұндай автокөлік импорты сыртқы сауданың ресми статистикасында есепке алынбайтындығын, аталған банктің бағалауы бойынша 2015 жылдан бастап көрші елдерден автокөліктердің «сұр» импорты 4,2 млрд доллар немесе жылына орташа есеппен 500 млн долларды құрағанын, осындай импорттың ең жоғары кезеңі 2021 жылы болғандығын атап өткен еді.

Сол уақыт аралығында жалпы сомасы 980 млн доллар шамасында 131,2 мың автомобиль импортталып, әр импортталған көлік құны орташа есеппен 7,5 мың долларды құраған. Сонымен қатар бас банк азамат­тар­дың онлайн-платформалар арқылы сатып алатын импорт көлеміне бағалау жүргізген. Бұл бағалау жеке тұлғалардың шетелдік эквайринг жүйесінде еліміздегі төлем карталарын қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдерін талдауға негізделген. Төлем балансының баптары бойынша операция­ларды жіктеу сыртқы сауда (қызмет көрсету) орындарының экономикалық қызмет түрін сипаттайтын МСС-кодтарын қол­да­ну арқылы жүзеге асы­рыл­ған.

Ж.Мұратов интернет-платформа арқылы тауар сатып алушылардың қатары көбейіп келе жатқандығын және бұған пандемиямен байланыс­ты шектеулердің де ықпал ет­кен­дігін айтқан. Сонымен Ұлт­­тық банктің бағалауы бо­­йынша 2015 жылдан бас­тап интернет-платформалар ар­қы­лы сатып алынған тауар импортының көлемі 2,6 млрд долларға теңессе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 7,5 есе ұлғайып, 749 млн долларды құраған көрінеді.