• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Мамыр, 2023

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты

1019 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты. Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Гүлмира Сатыбалды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Гүлмира Сатыбалды 28-баптың 3-бөлігінде және 125-баптың 2-бөлігінің 1.8-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеусіз 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды», деді судья Кемеңгер Имашев.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы негізінде Мемлекет басшысына мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізу ұсынылды.

Айта кетейік, кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 2022 жылы 16 наурызда ұсталды. Антикор «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеді.