Бүгін Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында шаршы алаңға Қазақстанның екі спортшысы Санатәлі Төлтаев пен Қамшыбек Қонқабаев шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сағат 14:00-де 63,5 келі салмақ дәрежесінде 10-жұп бақ сынайды. Отандасымыз Санатәлі Төлтаев Ришарно Колинмен (Маврикий) жұдырықтасады.
Кешкі сессияда (сағат 19:00-де) +92 келі салмақ дәрежесінде 13-жұп шаршы алаңға шығады. Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев Ресей спортшысы Алексей Дроновпен кездеседі.