• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 04 Мамыр, 2023

Доллар бағамы өсті

198 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,55 теңгеге көтеріліп, 445,29 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша 12:00-де 64,59 теңге болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 488,54 теңге, рубль бағамын 5,58 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447,5 теңгеден, еуро 486-496 теңгеден, ресей рублі 5,5-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мұнай бағасы қайта қалпына келді. Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері барреліне 0,82%-ға қымбаттап, 72,92 доллар, WTI маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстері 0,58%-ға өсіп, 69 доллар болды.