• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Мамыр, 2023

Бокстан ӘЧ: Санатәлі Төлтаев 1/8 финалға шыға алмады

264 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Маврикия өкілі Ришарно Колинмен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық боксшы 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Маврикия өкілі Ришарно Колинмен жұдырықтасты.

Төрешілер шешімімен жеңіс қарсыласының еншісінде кетті.

Р.Колин 1/8 финалда Өзбекстан намысын қорғап жүрген қазақ жігіті Руслан Абдуллаевпен шеберлік байқасады. Ол испаниялық Конде Ойер Ибарречені бірінші раундта-ақ екі рет нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын ұтты.

Сондай-ақ бүгін аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев рингке шығып, ресейлік Алексей Дроновпен шеберлік байқасады.