Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қытай сапынан жұдырақтасатын қазақстандық Данабек Байғазы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақ жігіті аса ауыр салмақта (+92 кг) армениялық Давид Чалоянмен кездесті.
Бұл жекпе-жекте фаворит саналған Д.Чалоян 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері еді. Соған қарамастан, ауыр соққылар өткізген армениялық спортшы бірінші раундта ұтылды. Есеп - 0:5. Екінші кезеңде есе қайырғандай көрінгенімен, төрешілер жекпе-жек қорытындысына сәйкес жеңісті Данабекке берді.
Айта кетсек, бүгін аса ауыр салмақта қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев рингке шығады. Оның қарсыласы – ресейлік Алексей Дронов.