• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Теннис 04 Мамыр, 2023

Жасөспірімдер – жартылай финалда

249 рет
көрсетілді

Теннистен еліміздің жасөспірім қыздар құрамасы Шымкентте өтіп жатқан теннистен әлем чемпионатына жолдама беретін іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты.

Ярослава Шведова жетекшілік ететін 16 жасқа дейінгі қыздар құрамасы топтық кезеңнің бірінші ойынында Вьетнам теннис­шілерінен 3:0 есебімен басым түссе, екінші матчта Иран құрамасын дәл сондай есеппен жеңіп, мерзімінен бұрын ширек финалға шықты. Ал топтағы соңғы матчта Жапония қыздарына 2:1 есебімен жол берді.

Жеребе қорытындысына сәйкес, отандас­тарымыз ширек финалда Қытайлық Тайбэй құрамасымен шеберлік байқасты. 2 сағат 34 минутқа жалғасқан алғашқы матчта Анастасия Крымкова қарсыласын 5:7, 6:3, 7:5 есебімен жеңсе, екінші бәсекеде Полина Слепцова да тайбэйлік теннисшіні 6:0, 6:2 есебімен қапы қалдырды. Сөйтіп, бұл сында да ел құрамасы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Қыздарымыз жартылай финалда Аустралия командасымен кездеседі.

 

Соңғы жаңалықтар