Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, қазақстандықтар ширек финалда Тайбэй командасын ұтты.
Алдымен Анастасия Крымкова Ю Нинг Цайды тізе бүктірді - 5:7, 6:3, 7:5. Бәсеке тартысты өтіп, екі жарым сағатқа созылды.
Екінші ойында Полина Слепцова Ли Я Чуді ойсырата жеңді - 6:0, 6:2.
Бүгін Ярослава Шведованың шәкірттері финалға шығу үшін Аустралия құрамасымен таласады. Олар Гонконгты 2:0 есебімен ұтты.
Азия - Тынық мұхит аймағынан үздік үш команда әлем чемпионатына жолдама алады.