• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Мамыр, 2023

Нұрбек Оралбай әзербайжандық қарсыласын жеңді

1170 рет
көрсетілді

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай әзербайжандық Мурад Аллахвердиевті жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кешкі сессияда қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай жекпе-жек өткізді. Ол 1/16 финалда Әзербайжан спортшысы Мурад Аллахвердиевпен кездесті.

80 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек Қазақстан спортшысының жеңісімен аяқталды.

Бүгін Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі, Айбек Оралбай (92 келі) шаршы алаңға шығады.